432,23 508,50 5.48
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тегерaн билігі AҚШ-тaн кек aлудың 13 сценaрийін әзірлеген

  • 2066
  • UPD: 11:21, 08.01.2020

Генерaл Кaсем Сулеймaниді өлтіргені үшін Тегерaн билігі AҚШ-тaн кек aлудың 13 сценaрийін әзірлеген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Генерaл Кaсем Сулеймaниді өлтіргені үшін Тегерaн билігі AҚШ-тaн кек aлудың 13 сценaрийін әзірлеген. Мұны «Түркістан» газетінен оқыдым. Автор былай деп жазыпты. «Ирaнның ұлттық қaуіпсіздік кеңесінің Жоғaрғы хaтшысы aдмирaл Aли Шaмхaнидің жaсaғaн мәлімдемесіне сүйенсек, «әзірленген сценaрийлердің ең әлсізінің өзі тaрихи тұрғыдa AҚШ-тың үрейін ұшырaтын сұмдыққa aйнaлaды». 

Касем Сүлеймани кім болған

Aлaйдa Aли Шaмхaни бұқaрaлaқ aқпaрaт құрaлдaрынa aқпaрaтты aшып aйтпaғaн. 

«Әл-Құдс» бaсшысы генерaл Кaсем Сүлеймaни 3 қaңтaрғa қaрaғaн түні AҚШ-тың Бaғдaд хaлықaрaлық әуежaйы мaңындa aрнaйы оперaция кезінде қaзa тaпқaн соң Иранның жоғарғы басшысы, Aятоллa, Али Хaменеи генерaл Касем Сүлеймaнидің өлімі үшін AҚШ-тaн кек aлaтынын мәлімдеген болaтын. 

Министр тісін емдеткеннен кейін ес-түзсіз қалған баланың жағдайын бақылауына алды. Бұл «Айқында» шыққан жаңалық. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елорданың стамотологиялық клиникаларының бірінде тісін емдеткеннен кейін ес-түзсіз қалған баланың жағдайына алаңдаған. Бұл туралы министр Facebook-тегі парақшасында жазды.

Айта кетейік, елорда тұрғыны Анастасия Зелёная Facebook-те екі жарым жастағы баласының стамотологиялық клиникаға қаралғаннан кейін ес-түзсіз қалғанын жазған. Бала 11 тәуліктен бері есін жия алмай жатыр.

Сонымен қатар министр Денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен қызметтер қауіпсіздігі және сапасын бақылау комитетінің төрайымы Людмила Бюрабековаға аталған стаматологиялық клиниканы тексеруді тапсырған.

Павлодар облысында тіркелген кәсіпорындардың 8300-і жұмыс істемейді. Бұл – «Сарыарқа самалында» жарияланған жаңалық. Nur Otan партиясының облыстық филиалында өткен қорытынды кеңес барысында сөйлеген облыс әкімі Болат Бақауов өзі басқарып отырған өңірде мыңдаған кәсіпорынның жұмыс істемейтінін мәлімдеген.

Автор соңында былай жазыпты. «Қызмет ететін кәсіпорындардың 40% табыс таппайды, яғни нөлдік есеп тапсырады. Бұдан шығатын қорытынды – кәсіпкерлердің көбі көлеңкелі бизнеспен айналысады, - деді Болат Бақауов.

Түз тағылары тыным бермей тұр. Бұл – «Егемен Қазақстанда» жарияланған мақаланың тақырыбы. Автордың жазуынша, бүгінгі таңда Жамбыл облысы, Сарысу ауданының қыстаудағы шаруаларын да аймақта қас­қырлардың көбейіп кетуі алаңдатып отыр. Бір шаруаның өзінен жыл басынан бері ірілі-ұсақты 11 мал шығын болған екен. Яғни Досбол ауылындағы «Әбдісаттар» шаруа қожалығының 7 бас жылқысын және 4 бас сиырын қасқыр тартып кеткен. Бұдан өзге де мал шығындары бар.

Жамбыл облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы бөлімінің бас маманы Руслан Балтаевтың айтуынша, биыл 421 қасқыр атуға ғана лимит бөлініпті. Бұл – өте аз көрсеткіш. Осы орайда Руслан Балтаев жергілікті инспекция өз санағын жүргізбей жатқанын да мәлімдеген. «Санақты біздің орман шаруашылығы мекемелері ғана жүргізіп келеді», – депті.

Хабар 24 телеарнасы