424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-дағы Алтай ауданының 12 елді мекені су тасқынынан зардап шегуі мүмкін

  • 2166
  • UPD: 11:05, 17.01.2020

ШҚО-дағы Алтай ауданының 12 елді мекені көктемгі су тасқынынан зардап шегуі мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақшаны құжатсыз айырбастай алмаймыз. «Ақтөбе өңірінде жабылған ауылдар» тақырыбында жаңалықтар оқыдым.

Бұл Ақтөбе газетінде жарияланған жаңалық. Автор былай деп жазған екен. «Снюс – түтінсіз темекінің бір түрі. Оның құрамына темекі, ылғалдандырғыш ретінде су, дәмін күшейту үшін сода және консервант ретінде тұз немесе қант, жағымды дәм беру үшін ароматизаторлар қосылады. Снюстің басты қауіптілігі оның құрамында никотиннің мөлшері темекімен салыстырғанда бірнеше есе көп болуында.

Ал Дидар газетінен «Су басу қаупі бар» тақырыпта жаңалық оқыдым. Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданындағы 12 елді мекеннің тұрғындары көктемгі су тасқынынан зардап шегуі мүмкін. Өкінішке қарай, Алтай қаласы мен Путинцево, Быково, Парыгино, Малеевск, Соловьево, Чапаево, Снегирево, Баяновск, Первороссийское ауылдарын, сондай-ақ Зубовка мен Тұрғысын кенттерін су басу қаупі бар» деп жазған екен автор.

Ақшаны құжатсыз айырбастай алмаймыз. Бұл енді «Айқында» шыққан мақаланың тақырыбы. Айырбастау бекеті құжатын көрсетпеген азаматтарға валюта сатпауы мүмкін. Өйткені бұдан былай шетел валютасын алғысы келгендерге жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуы міндет. Бұл жаңашылдық Ұлттық банк басқармасының жаңа қаулысынан кейін пайда болды.

Газет тілшісі былай деп жазыпты. «Қалай болғанда да барлық ірі қалалардағы айырбастау бекеті биылғы сәуірге дейін жарғылық капиталын 100 млн теңгеге дейін жеткізуге қаржы таппаса, не жабылуға, не бизнесін сатуға мәжбүр болады. Демек алдында бизнес қауымдастық сынағандай, жаңа қаулы бұл нарықтағы ойыншылардың, тиісінше көшедегі айырбас бекетінің азаюына әкелуі мүмкін.

Жабылған ауылда жұрт бар ма? Бұл тақырыптағы жаңалықты «Ақтөбе» газетінен оқыдым. Басылым тілшісінің жазуынша, облыста көп ауылдар жабылған. Айталық, Темір ауданындағы Бәшенкөл, Шитүбек, Теректі ауылдары елді мекен статусынан бірнеше жыл бұрын айырылған. Яғни жабылды. Халық көшіп кеткендіктен, бірен-саран отбасылар мал шаруашылығымен айналысып қалды. Үш ауыл бала саны тым аз болғандықтан, ең әуелі мектебімен қош айтысқан. Жабылған тек бұл үш ауыл емес.

«Сондықтан қазір есептік кездесулерде тұрғындар жеке бастың мәселесінен гөрі ауылдың ортақ проблемасын көбірек көтереді» деп жазған екен тілші.

Хабар 24 телеарнасы