Президенттің сұхбаты жарияланады
Мемлекет басшысы белгілі ғалым, «Қазақ газеттері» серіктестігінің Бас директоры Диқан Қамзабекұлына сұхбат берді.
Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің фейсбук парақшасында жазды. Сұхбатта еліміздің ішкі-сыртқы саясатына қатысты мәселелер, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы, Қаңтар қасіреті, қоғамдағы тұрмыстық зорлық-зомбылық, АЭС құрылысы секілді өзекті тақырыптар талқыланады. Сондай-ақ Президенттің жеке өзіне қатысты да кейбір мәселелер айтылады. Қасым-Жомарт Тоқаевтың кең көлемді сұхбаты ертең «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланады.