Президент Қатар әмірінің «Diwan Amiri» сарайына келді
![Президент Қатар әмірінің «Diwan Amiri» сарайына келді](/media/k2/items/cache/ce6c370b15888732ee630edc3df86699_XL.jpg)
Резиденцияда Қазақстан Президентін салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Құрмет қарауылының бастығы екі ел басшыларына рапорт берді. Қазақстан мен Қатардың әнұрандары шырқалғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Салтанатты рәсімнен кейін екі ел басшылары келіссөз залына өтті.