V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары басталды
Бүгін түркі әлемі көз тіккен V Дүниежүзілік көшпенділер ойыны басталды, деп хабарлайды 24KZ.
Дүбірлі дода елімізде алғаш рет өтеді. Байрақты бәсеке кезінде Астанаға 100 мыңнан астам турист келеді деп жоспарланған.
Әлемнің 89 елінен 2700-ге тарта спортшы қатысады. Олар спорттың 21 түрінен кім мықтыны анықтап, 97 медаль жиынтығын сарапқа салады. Ұлттық құрамадағы 216 спортшы ел намысын қорғайды. Спорттық шарада 370 төреші төрелік етеді.
Ойындар 7 спорт кешенінде өтеді, яғни «Астана Арена», «Қазанат» ипподромы, «Алау» мұз айдыны, Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы, «Қазақстан» жеңіл атлетика, «Думан» кешені және Ұлттық музей. Әлемдік додада бірқатар мемлекеттен келген 1300 ерікті қызмет атқарады.