Президент отандық бизнес өкілдерімен кездесті

Осы келелі кеңес мемлекет пен экономиканы дамытуға үлес қосып жүрген кәсіпкерлердің мақсат-ниеті бір екенін көрсетті.

Президенттің айтуынша, айқындаған стратегиялық міндет – экономиканы нығайту арқылы Қазақстанның өңірдегі көшбасшылық рөлін сақтау және күшейту. Бұл міндет ұлттық идеяның маңызды элементіне айналуға тиіс. Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі заманның басты мәселелерін шешу жолында Қазақстан жаңа көзқарастар мен тәсілдер дәуіріне қадам басқанын, ал ескірген стереотиптер өткеннің еншісінде қалғанын атап өтті. Сондай-ақ мемлекеттің болашағы, соның ішінде өскелең ұрпақтың келешегі осы мәселенің шешіміне тікелей байланысты деп санайды. Одан бөлек шағын және орта бизнесті қолдау мәселесі ұдайы Үкімет назарында болады.