Қарағанды мен Павлодар облыстарында жолдар жабық

Ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар бірқатар автожол жабылды. Атап айтқанда, Қарағанды қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейінгі «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» автожолындағы қозғалысқа шектеу қойылған. 

Сонымен бірге Қарағанды облысының шекарасынан Павлодарға қарасты Шідерті ауылына дейінгі аралық жабық. Аталған жолдарды ертең таңғы сегізден ашылады. Қазір осы өңірлерде бұрқасып ұйытқып, 50 метрге дейінгі қашықтықты көру мүмкіндігін шектеп отыр. Төтенше жағдайлар қызметі алыс жолға шықпауға кеңес береді.