Қ.Тоқаев Украинадағы жағдай туралы пікір білдірді
Фестиваль барысында Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлерден келген жастармен жүздесті.
Президент кез келген еңбек қадірлі, құрметке лайық екеніне тоқталып, өскелең ұрпақты аянбай еңбек етуге шақырды. Сонымен қатар Украина төңірегіндегі жағдай туралы пікір білдіріп, еліміздің тыныштығы мен тұрақтылығы ең басты құндылық екеніне назар аударды. Ұлтымыз бен наным-сеніміміз әртүрлі екеніне қарамастан бір қоғамда тұтас халық болып өмір сүреміз, деді мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Қазір Украина жөнінде көп айтылып жатыр. Біз алғашқы кезден бастап осы соғысты міндетті түрде тоқтату керек, дипломатиялық келіссөздер арқылы бір мәмілеге келу қажет деген ұстанымымыз енді шындыққа айналды. Екі алпауыт ел саяси сұхбат жүргізе бастады. Бұл жақсы үрдіс. Әрі Қазақстанға пайдасын тигізеді. Сондықтан біз мұны мейлінше қолдаймыз.