15 ақпанға арналған ауа райы болжамы

15 ақпанда түнде Жетісу облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі.
Шығыстан жел соғады, күндіз Алакөл көлдері ауданында 15-20, екпіні 25 м/с.
15 ақпанда Ұлытау облысының оңтүстігінде қар, облыстың шығысында аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Күндіз жолдарда көктайғақ. Облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда тұман күтіледі. Жезқазған қ.: 15 ақпанда күндіз жолдарда көктайғақ күтіледі.
15 ақпанда күндіз Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде қар, облыстың шығысында аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Жолдарда көктайғақ. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда тұман күтіледі. Қарағанды қ.: 15 ақпанда күндіз жолдарда көктайғақ күтіледі.
15 ақпанда түнде және таңертең Қызылорда облысының орталығында, шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Қызылорда қ.: 15 ақпанда түнде көктайғақ, тұман күтіледі.
16 ақпанда түнде Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қар, бұрқасын, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. 17 ақпанда жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. 15-17 ақпанда облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың бастысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, күндіз 16, тәулік 17 ақпанда кей уақыттарда екпіні 23-28 м/ күтіледі. Қостанай қ.: 15 ақпанда тұман күтіледі.
15-17 ақпанда Алматы облысынның оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Алматы қ.: 15-17 ақпанда түнде және таңертең кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Қонаев қ.: 15-17 ақпанда түнде және таңертең кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі.
15 ақпанда түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.
15 ақпанда түнде Абай облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, Жарма ауданында 15-20 м/с.
15 ақпанда күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Орал қ.: 15 ақпанда түнде және таңертең тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
15 ақпанда Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. 16 ақпанда жаяу бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі. 17 ақпанда облыстың батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. 16-17 ақпанда облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, 16 ақпанда облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с, 17 ақпанда облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, күндіз кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с күтіледі.
15 ақпанда түнде Түркістан облысының таулы аудандарында қатты қар күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында күші 15-20 м/с. қ. Шымкент: 15 ақпанда кей уақыттарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман күтіледі. қ. Түркістан: 15 ақпанда түнде және таңертең жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман күтіледі.
16 ақпанда күндіз Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. 15 ақпанда түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде, 16 ақпанда облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, 16 ақпанда облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде кей уақытта екпіні 23 м/с. Ақтөбе қ.: 16 ақпанда күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
15 ақпанда Атырау облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде көктайғақ. Атырау қ.: 15 ақпан түнде және таңертең тұман күтіледі.
15 ақпанда түнде Жамбыл облысының солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында қар, жаяу бұрқасын, таулы аудандарда қатты қар, күндіз облыстың оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), таулы аудандарында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с күтіледі. Тараз қ.: 15 ақпанда кей уақыттарда тұман күтіледі.
15 ақпанда Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында, орталығында тұман күтіледі. Ақтау қ.: 15 ақпанда күндіз көктайғақ күтіледі.