Шахтада қалып қойған жеті кеншінің мәйіті табылды

17 ақпанда шахтада қалып қойған 7 кеншінің сүйегі табылды.

Ұлытау облысында «Қазақмыс» корпорациясына қарасты «Жомарт» кенішінде шахта опырылып құлаған еді. 

Опырылған аумақтың арғы жағында 7 кенші қалып қойып, олармен байланыс орнатуға жерасты кабелінің үзіліп қалуынан мүмкіндік болмаған. Өкінішке орай, бірер сағат бұрын жеті кеншінің де тек сүйегі табылды. Жезқазған қаласынан 200 шақырымнан астам қашықта орналасқан сол кеніштегі жағдайды баяндау үшін біздің тілшіміз де оқиға орнына жетті. Хабар барысында байланысқа қосылып соңғы ақпаратпен бөліседі.