СҚО-да көлік қозғалысына шектеу қойылды

Солтүстік Қазақстан облысында республикалық жолдарда теміржол өткелін жөндеу және резинотехникалық жабынын ауыстыруға байланысты көліктің барлық түріне шектеу қойылды.

Сағат таңғы 08:00-ден бастап  «Петерфельд-Архангельск-Новокаменка» және «Жезқазған-Арқалық-Петропавловск» автожолының Петерфельд ауылы мен Архангельск ауылы арасындағы учаскесі жабылды. Жолды кешкі жетіде ашу жоспарланған. Жүргізушілер 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.