Еліміздің 6 өңірінде көлік қозғалысына шектеу қойылды
Бүгін елдің бірнеше өңірінде боран соғып, қар жауады, деп хабарлайды 24kz.
Қостанай,Қарағанды, Жамбыл облыстарында жаңбыр аралас, қар жаууы ықтимал. Алматы облысында қатты жел соғады. Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстарында тұман түседі. Қолайсыз күн райына байланысты елдің алты өңірінде республикалық маңызы бар жолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылды. Әсіресе, Батыс Қазақстан облысында жолда жүру қиындады. Жетісу облысында Үшарал – Достық автожолының Көктума ауылынан Достық станциясына дейін жол учаскесі жабылды. Мамандар жолға шықпас бұрын 1403 қызметіне хабарласып, абай болуды ескертеді.