Мереке күндері әуе рейстері мен пойыздардың саны артады
Мереке күндері қосымша әуе рейстері ашылып, пойыздарға жолаушы вагондары қосылады, хабарлайды «24KZ».
Айталық, 16-30 наурыз аралығында авиация желісінде тағы да 120 рейс ашылады. Ал Халықаралық әйелдер күні қарсаңында пойыздарға қосалқы 265 вагон тіркеледі. Меже орындалса, 12 мың жолаушыға орын табылады.
Бұдан бөлек, Наурыз мерекесінде 7 бағыт бойынша жаңадан 3 пойыз жолға шығады. Сондай-ақ сұранысы жоғары қалаларға 432 қосымша вагон тіркеледі. Нәтижесінде 20 мың қосымша орын ашылады.