Мемлекет басшысы Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті.
Екі ел басшылары Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынас достық, тату көршілік және одақтастық рухында қарқынды дамып жатқанын атап өтті. Сонымен қатар сауда-экономикалық ықпалдастық мәселелері сөз болды. Бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтардың табысты жүзеге асырылып жатқаны айтылды.