Бүгін – Ынтымақ күні

21 наурыз – Ынтымақ күні.  

Ынтымақ сөзі береке-бірлік, татулық сөздерінің баламасы ретінде қолданылады. Халқымыз бірлік, ынтымақ  мәселесіне ерекше мән беріп, оны өмірдің өзегіне балап, оның мән-маңызын «Ырыс алды ынтымақ», «Бірлік болмай тірлік болмас», «Ынтымақ түбі - игілік» дейтін мақалдар арқылы жеткізген. Бүгінгі күні де Қазақстанның өсіп-өркендеуінде халықтың ортақ мақсат-мүдделердің айналасына бірігуі, берекесі мен татулығы негізгі тірек болып отыр.

Еске сала кетейік, Наурызнама онкүндігі қайырымдылық пен мәдени шаралардан бастап, ұлттық салт-дәстүрлер мен экологиялық акцияларға дейін қоғамның барлық саласын қамтуға бағытталған.

14 наурыз – Көрісу күні – Амал мерекесі

15 наурыз – «Қайырымдылық күні»

16 наурыз – «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні».

17 наурыз – «Шаңырақ күні»

18 наурыз – Ұлттық киім күні

19 наурыз – Жаңару күні.

20 наурыз – Ұлттық спорт күні

21 наурыз– Ынтымақ күні

22 наурыз – Жыл басы

23 наурыз – Тазару күні