25 наурызға арналған ауа райы болжамы

25 наурызда таңертең және күндіз Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі.

25 наурызда Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында жауын-шашын, түнде кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), кей уақытта тұман күтіледі. Солтүстік-шығыс бағыттан жел соғады, облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с. Алматы қ.: 25 наурызда түнде және таңертең тұман күтіледі. Қонаев қ.: 25 наурызда түнде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыс бағыттан жел соғады, кей уақытта екпіні 15-20 м/с.

2025 жылғы 25-27 наурызда қатты жауын-шашын болжамына байланысты Жетісу облысының тау және тау етегіндегі аймақтарда беткейлік ағындының қалыптасуы және өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі, сонымен қатар судың жайылуы менсу басуы мүмкін.

Ескерту: қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда өзендердің жайылма аумақтарында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.

Ақмола облысында 25-27 наурыз аралығында өзендердің жоғарғы ағысынан, жазықтар мен жылғалардан еріген қар ағынының келуіне байланысты, мұз құбылыстарының одан әрі әлсіреуі, облыс өзендерінде су деңгейінің көтерілуі күтіледі. Бұл ретте су деңгейі қауіпті деңгейден асып кетуі мүмкін. Соның салдарынан автожолдарды, елді мекендерді, тұрғын және шаруашылық құрылыстарды еріген қар суларымен судың жайылуы мен су басуы мүмкін.

2025 жылдың 25-26 наурызында Түркістан облысының таулы және тау етегіндегі аудандарда қатты жаңбыр болжамына байланысты беткейлік ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі, сонымен қатар судың жайылуы мен су басуы мүмкін.

Ескерту: қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда өзендердің жайылма аумақтарында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысында 25-27 наурыз аралығында жоғары күндізгі ауа температурасының сақталуына байланысты қардың қарқынды еруі жалғасады, еріген қар суының және беткейлік ағындардың қалыптасуы, өзендерде су деңгейінің көтерілуі және мұз қабатынан ашылуы күтіледі, бұл ретте өзен арналарында мұз кептелістері пайда болуы мүмкін. Соның салдарынан су жайылуы мен су басуы мүмкін.

Абай облысында 25-27 наурыз аралығында жоғары күндізгі ауа температурасының сақталуына байланысты қардың қарқынды еруі жалғасады, еріген қар суының және беткейлік ағындардың қалыптасуы, өзендерде су деңгейінің көтерілуі және мұз қабатынан ашылуы күтіледі, бұл ретте өзен арналарында мұз кептелістері пайда болуы мүмкін. Соның салдарынан су жайылуы мен су басуы мүмкін.

25 наурызда Түркістан облысының оңтүстігінде,солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Шымкент қ.: 25 наурызда түнде және таңертең найзағай күтіледі.

25 наурызда түнде және таңертең Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 25 м/с. Семей қ.: 25 наурызда түнде қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.

25 наурызда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с. Өскемен қ.: 25 наурызда қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.

25 наурызда Жетісу облысының таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың шығысында, таулы аудандарында түнде және таңертең тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, орталығында, таулы аудандарында екпіні 15-20, Алакөл көлдері ауданында кей уақыттарда 23-28 м/с. Талдықорған қ.: 25 наурызда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

25 наурызда түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.

25 наурызда Қарағанды облысының солтүстігінде, оңтүстігінде кей уақыттарда тұман күтіледі. Жолдарда көктайғақ. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-18 м/с. Қарағанды қ.: 25 наурызда түнде және таңертен тұман күтіледі. Жолдарда көктайғақ.

25 наурызда Ұлытау облысында түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында, орталығында кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с. Жезказган қ.: 25 наурызда түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с.

25 наурызда Павлодар облысында солтүстік-батыстан жел соғады, түнде солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

25 наурызда Солтүстік Қазақстан облысында солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында, күндіз батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Петропавл қ.: 25 наурызда солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

25 наурызда түнде Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында жауын-шашын, көктайғақ, облыстың таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23 м/с күтіледі. Тараз қ.: 25 наурызда түнде және таңертең жаңбыр күтіледі. Кей уақыттарда тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

25 наурызда Қостанай облысында түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

25 наурызда Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 23 м/с күтіледі. Қызылорда қ.: 25 наурызда жел солтүстік-шығыстан соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.