IMEI коды тіркелмеген телефондар бұғатталады

Сұр нарықтағы смартфондар бұғатталады.

Жауаптылар ІМЕІ коды тіркелмеген телефондарды тексеруге кірісті. 24 наурыздан бастап елге кіргізілген гаджеттердің базасы жасақталып, олар үш топқа бөлінеді.

Ақ, сұр, қара белгімен таңбаланады. Сұр және қара түсті қалтафондардың иелері құрылғылардың елге қандай жолмен жеткізлгенін дәлелдеу керек болады. Заңдылығы анықталса, ақ түске өтеді. Айтайық, елде ІМЕІ коды қайталанған 3,7 млн смартфон бар. Яғни осыншасы заңсыз кірген. Соның салдарынан ел қазынасы 100 млрд теңге қосымша құн салығынан құр қалып отыр. 

Азамат Серікбаев, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің басқарма басшысы:

- "Сұр" тізімге енгеннен кейін біз 30 күндік мерзім ішінде абонент өзінің құрылғысының заңдылығы туралы мәліметтерді бере алмаса, автоматты түрде "сұр" тізімнен "қара" тізімге кететін болады. Сатушының және сатып алушылар өздерін қорғау мақсатында біздер онлайн сервисті іске асырамыз. 24 наурызда ол сервис жүзеге асырылады. Ол сервиске әр азамат ІМЕІ кодты енгізу арқылы телефонның заңды немесе заңсыз түрде кіргені туралы ақпарат ала алады.