Алматыда дауылды ескерту жарияланды

Алматыда кешкісін жаңбыр сіркіреп, найзағай ойнады. Желдің екпіні секундына 18 метрге дейін жетті. 

Шаһар тұРғындары әлеуметтік желіге жүктеген бейнежазбаларда бірқатар үйдің шатыры зақымданған. Кейбір аудандарда интернет байланысы жоқ және электр қуаты тұрақсыз деген шағымдар айтылды. Қатты желден 28 тал опырылып түсті. Оның үшеуі үйлерге құлады. Арықтардағы су арнасынан тасып, бірнеше көшеге су жайылды. Табиғаттың мұндай құбылмалы мінезі, бұл мезгілде жиі болып тұрады, дейді метеорологтар. Мамандардың айтуынша, солтүстіктен келген суық жел, оңтүстіктің жылы ауасымен қосылғанда әдетте күшті дауыл тұрады.