Мәжіліс отырысында жаңа Салық кодексінің жобасы қаралды
Мәжіліс отырысында жаңа Салық кодексінің жобасы қаралды. Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің айтуынша, қосылған құн салығы 16% болып бекітіледі.
Ал салық бойынша шек 40 миллион теңгеге жетпек. Алайда салдары жоқ емес. Мәселен, қосылған құн салығы бойынша ұсынылатын шектің төмендеуіне байланысты бюджет 400 миллиард теңге жоғалтады. «Сондай-ақ 160 мың жаңа салық төлеушіден айырылу қаупі бар», – дейді Серік Жұманғарин.