Елдің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Бүгін елдің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды. Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында жауын селдетіп, жел күшейеді.

Жетісу, Жамбыл, Абай, Шығыс Қазақстан өңірлерінде бұршақ жаууы ықтимал. Ақтөбеде күн екі градусқа дейін суытады. Арқа өңірінде де жауын селдетіп, найзағай ойнайды. Ал Ақмола облысында қар жаууы ықтимал, деп ескертеді Қазгидромет.