Ғалымдар күн жүйесінен тыс жерде тіршілік белгілерін тапты
Ғалымдар Күн жүйесінен тыс жерде тіршілік белгілерін тапты.
Олар телескоптың көмегімен Жерден 124 жарық жылы қашықтықта орналасқан «Ка 2-18 Би» экзоғаламшарының атмосферасында нақты бір газдардың барын анықтаған. «Бұл газдарды тек тірі ағзалар - теңіз балдырлары бөледі. Демек онда микробтар бар болуы мүмкін», - дейді ғалымдар. Жалпы ғарышта 8 мыңдай экзоғаламшар бар. Соның ішіндегі «Ка 2-18 Би» Жерден 2,5 есе үлкен. Бұған дейін оның атмосферасында көмірқышқыл газы мен метан табылған.