Қ.Тоқаев UEFA президенті Александер Чеферинді қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев UEFA президенті Александер Чеферинді қабылдап, Еуропалық футбол қауымдастықтары одағының елімізге көрсетіп отырған қолдауына жоғары баға берді.

Қазір Қазақстанда 1 млн-нан астам отандасымыз футболмен шұғылданады. Бұл – спортпен айналысатын азаматтарымыздың 13 пайызы. Мемлекет басшысы бұдан аталған спорт түрінің бұқаралық сипат алғанын көруге болатынын жеткізді. Алдағы уақытта отандық футболдың нарық талаптарына сай орнықты бизнес моделін қалыптастырып, клуб менеджментін дамыту жоспарланып отыр. Өз кезегінде Александер Чеферин Қазақстанмен арадағы серіктестікті кеңейтуге дайын екенін жеткізді.

Қазақстан спортының дамуына қосқан үлесі үшін Александер Чеферинді II дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.