Академик Сейіт Қасқабасов өмірден өтті

Академик, фольклортанушы ғалым, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сейіт Қасқабасов 85 жасқа қараған шағында қайтыс болды.

Қаралы хабарды Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты мәлімдеді. Сейіт Асқарұлы Қасқабасов 1940 жылы 24 маусымда Семей қаласында дүниеге келген еді. Әр уақыттары  Министрлер Кабинеті жанындағы Жоғары аттестация комиссиясының төрағасы, Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті шығыстану факультетінің деканы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясы Әдебиет және өнер институтының директоры қызметтерін атқарған. Қазақтың халық прозасы, Абай және фольклор cекілді кітаптардың және 300-ден аса еңбектің, соның ішінде фольклор, әдебиет пен өнер бойынша 9 монографияның авторы.