Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия отырысы өтті

primeminister.kz

Үкімет мемлекеттің экономикадағы үлесін азайтып, тек әлеуметтік маңызы бар және стратегиялық секторлармен шектеуді жоспарлап отыр. Бұл туралы экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия отырысында айтылды.

Премьер-министр Олжас Бектеновтың төрағалығымен өткен жиында Президент Жарлығының орындалу барысы қаралды. Үкімет мүшелері орта бизнестің жалпы ішкі өнімге салымын ұлғайту бағытындағы жұмыстарын баяндады. Сондай-ақ бәсекелестіктің дамуын тежейтін кедергілерді жою жайлы айтылды. Отырыс қорытындысы бойынша мемлекеттің үлесі бар 475 кәсіпкерлік субьектіге қатысты шешім шығарылды. Оларды кезең-кезеңімен жекешелендіріп, біріктіреді немесе таратады. Бұл жұмыс 2030 жылға дейін жалғасады. Премьер-министр Жарлықтың белгіленген мерзімде жүзеге асыру керектігіне назар аударды.