Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам шағын құрамда келіссөз жүргізді
Бұл Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Ломның елімізге жасаған алғашқы мемлекеттік сапары.
Қазақ басшысы бұл сапарды елдер арасындағы мызғымас достықтың айғағы деп бағалады. Салтанатты қарсы алу рәсімінен соң, Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам шағын құрамдағы келіссөз жүргізді. Вьетнам Қазақстанның Азиядағы маңызды серіктесі. Келер айда арадағы дипломатиялық қатынастың орнағанына 33 жыл толады. "Мен екі жыл бұрын Вьетнамға ресми сапармен бардым. Сонда екі жақты ықпалдастықтың жаңа бағыттарын дамытуға уағдаластық. Алдағы уақытта да қос халықтың достығы нығая бермек. Мен бұған кәміл сенемін", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. То Лам қазақ жерінде көрсетілген сый-құрметке алғыс айтып, бүгінгі келіссөздердің нәтижесі қазақ-вьетнам қарым-қатынасының көкжиегін кеңейте түсетініне сенім білдірді.