Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад өтті

t.me/aqorda_resmi

Әскери парадты Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің Бас қолбасшысы генерал-майор Мереке Көшекбаев басқарды. Әскери парадқа 4 мыңнан астам жауынгер қатысып, 200-ден астам жауынгерлік техника мен қару-жарақ түрлері және 60-тан астам әуе кемесінің әлеуеті көрсетілді.

Шеруге Қарулы күштердің үздік бөлімшелері, құрмет қарауылы роталары, құқық қорғау органдарының өкілдері жұмылдырылған.

Парадтың қалай өткенін біздің YouTube арнадан тамашалай аласыздар.