Бүгін – Аналар күні

Бүгін Қазақстанда Аналар күні тойланып жатыр. Бұл мереке елімізде алғаш рет 2023 жылы енгізілген.

Содан бері мамыр айының әр екінші жексенбісінде атап өтіледі. Әлемде Аналар күнін атап өту тарихы 100 жылдан асады және көптеген елдерде ресми мәртебе беріліп, мемлекеттік деңгейде тойланады. Ұлтымыз үшін де аналардың рөлі ерекше. Ең қастерлі құндылықтарымыз «Жер-Ана», «Отан-Ана» ұғымдарымен тығыз байланысты. Бұның бәрі әйелдердің қазақ қоғамындағы маңызын білдіргендей. Олар отбасына, балаларға қамқорлық жасайды, жаңа ұрпақты тәрбиелейді, елдің қоғамдық өміріне белсене қатысады. Бұған ұлы тұлғалардың мінезі мен тағдырын қалыптастырған Ұмай ана, Домалақ ана, Рабия Сұлтан Бегім, Айғаным, Зере, Ұлжан және басқа да көптеген қазақтың ұлы аналары жарқын мысал бола алады.