Абу Дабидің Тақ мұрагерінің ресми сапары аясында $5 млрд келісімге қол қойылады

Абу Дабидің Тақ мұрагерінің ресми сапары аясында 5 млрд доллар болатын 20-дан аса коммерциялық келісімге қол қойылады. 

Мемлекет басшысы Халед бен Мұхаммед Әл Нахаянмен келіссөз жүргізді. Арадағы байланыс сауда-инвестиция, энергетика, көлік пен цифрлық инфрақұрылым және білім беру ісіне дейін жалғасып жатыр. Осыдан екі жыл бұрын екі ел үкіметтері стратегиялық инвестициялық жобаларды жүзеге асыру туралы бірлескен декларацияға қол қойған. Біріккен Араб Әмірліктері ел экономикасындағы ең ірі шетелдік инвесторлардың ондығына кіреді. Былтыр инвестиция көлемі екі есе артып, рекордтық көрсеткішке жетті. Тақ мұрагері бүгін қол қойылатын келісімдер екі елдің болашақта да бірлесіп жұмыс істеуге бейіл екенін дәлелдейтінін жеткізді.