Президент тауарлардың шыққан елін айқындау мәселелері бойынша заңға қол қойды
Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тауарлардың шығарылған елін айқындау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңға қол қойды.
"Электронды үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым нысаны ретінде жұмыс істейтін тізілімде отандық тауар өндірушілер мен тауарлар туралы мәліметтер қамтылған. Бұрын тауардың шығу тегін растау үшін пайдаланылған СТ-KZ және индустриялық сертификаттарын, сондай-ақ сараптама актісін беру кезінде тәртіпті бұзғаны үшін белгіленетін әкімшілік жауапкершілік заңнамадан алынып тасталды. Өнеркәсіпті дамыту үшін келісім-шарттың жаңа түрі – кепілдендірілген сатып алу келісім-шарты енгізілді. Бұл шартқа сәйкес өңдеуші кәсіпорын өзінің алаңында өндірілген тауарлардың кепілді көлемін ұзақ мерзімді негізде жеткізіп беруге міндеттеледі.