Президент түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысады

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысу үшін Будапешттегі Varkert Bazar павильонына барды.

Мемлекет басшысын Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбан күтіп алды. Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысушылар бірлескен суретке түсті.