Елордада Астана халықаралық форумы басталды
Елордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Астана халықаралық форумы жұмысын бастады.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
Мемлекет басшысының Астана халықаралық форумының пленарлық отырысындағы сөзі басталды.
«Баршаңызбен Астана халықаралық форумында жүздескеніме қуаныштымын!
Бүгінгі басқосуға шетел үкіметтерінің басшылары, дипломатия, бизнес және академиялық ортадағы достарымыз бен әріптестеріміз қатысып отыр.
Мәртебелі меймандарымызға, атап айтқанда, Руанда Президенті Поль Кагамеге және Солтүстік Македония Президенті Гордана Силяновска-Давковаға, Еуропа Кеңесінің Бас хатшысы Ален Берсеге, БҰҰ-ның бұрынғы Бас хатшысы Пан Ги Мунға, Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесінің жетекшілеріне, форумның өзге де қатысушыларына шынайы ризашылығымды білдіремін», - деді Қ.Тоқаев.