«Заң мен тәртіп»: қоршаған ортаны ластағандар жауапқа тартылды
Ақтөбеде жыл басынан бері 4 мыңға жуық тұрғын қоршаған ортаны ластағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Әсіресе құрылыс қалдықтарын көшеге шығарып тастайтындар көп. Мұндай деректер бейнебақылау камералары арқылы анықталып жатыр. Тазалыққа бей-жай қарайтындарды әшкерелеуге тұрғындар да атсалысуда. Олар заң бұзғандарды фото, видеоға түсіріп, полицейлерге жібереді. Бұл «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында атқарылып жатқан шаралардың бір бөлігі. Басты мақсат – баршаға қауіпсіз әрі қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру, - дейді тұрғындар. Ақтөбеліктердің айтуынша, бұл іске қоғам болып жұмылу қажет.