Қ. Тоқаев Конго Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Мемлекет басшысы Конго Демократиялық Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады.
2025 жылғы 30 маусым
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Феликс-Антуан Чисекеди Чиломбоны Конго Демократиялық Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
– Бүгінде Конго өзінің іргетасын нығайтуда, азаматтарының ырыс-берекесін еселеуде, сондай-ақ халықаралық сахнадағы мерейін үстем етуде қомақты жетістіктерге қол жеткізіп келеді. Осы тұста Сіздің сындарлы саясатыңыз бен игі бастамаларыңыз мемлекетіңізді биік белестерге жетелей беруіне тілектеспін, деп жазылған жеделхатта.