Президент Швейцария Ұлттық банкін басқарушылар кеңесінің төрағасын қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцария Ұлттық банкін басқарушылар кеңесінің төрағасы Мартин Шлегельді қабылдады, деп хабарлайды 24kz.
Кездесуде екі елдің Ұлттық банкілері арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев швейцариялық мамандар елде тәуекелдерді басқару және төлем жүйелері секілді бағыттар бойынша техникалық көмек көрсететінін атап өтіп, олардың қызметіне жоғары баға берді. Өз кезегінде Мартин Шлегель қос мемлекеттің аталмыш секторы арасында ақша-кредит саясаты және цифрлық қаржы салаларындағы диалогты жолға қойып, өзара ықпалдастық аясын кеңейтуге ниетті екенін жеткізді. Сонымен қатар валюта нарығын нығайту, ұлттық валюталарға сенімді күшейту шаралары және цифрлық активтерді дамыту мәселелері қарастырылды.