Еліміздің басым бөлігінде күн райы құбылмалы болады

Бүгін елдің басым бөлігінде күн райы құбылмалы болады, деп хабарлайды 24kz.

«Шығыста нөсер жауады, елдің солтүстігінде бұршақ, ал батысында дауылды жел соғады», - деп болжады синоптиктер. Батыс Қазақстан облысы және Маңғыстауда ауа температурасы 43° градусқа дейін көтеріледі. Мамандар: «Антициклон әсерінен елдің қалған бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады», - дейді.