Елдің көптеген өңірінде аптап ыстық болады
Бүгін елдің көптеген өңірінде күн ыстық болады. Синоптиктердің болжамынша, Алматы, Түркістан, Жамбыл, Жетісу, Маңғыстау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында ауа температурасы 46 градусқа дейін көтеріледі.
Ал ертең және бүрсігүні кейбір аймақтарда найзағай ойнап, жауын-шашын болуы мүмкін. «18 шілде елдің солтүстік-батысында, 18-19 шілде солтүстікте, ал 19 шілде орталықта жаңбыр мен бұршақ жаууы ықтимал» делінген «Қазгидромет» хабарламасында.