Қазақстан мобильді интернет жылдамдығы бойынша нешінші орында?
Қазақстан мобильді интернет жылдамдығы бойынша 103 елдің арасындағы әлемдік рейтингте 47-орынға тұрақтады.
Бұл туралы SPEED-тест Глобал Индекстің маусым айына арналған нәтижесінде мәлім болды. Қазір республикамыздың интернет жылдамдығы секундына 87,27 мегабитке жетіп, ТМД елдері арасында 1-орынға шықты. Екінші орынға Әзербайжан, ал үшінші сатыға Өзбекстан мемлекеті тұрақтады. Ал жалпы әлем бойынша мобильді интернет жүйріктігімен Біріккер Араб әмірлігі көш бастап тұр.