30 жылға жететін алтын бар
Елдегі мыс өндірісі екі есе ұлғаяды.
Айдарлы, Көксай және Бенқала сынды жаңа ірі кен орындары іске қосылғанда өндіру көлемі 300 млн тоннаға дейін артады. Сондай-ақ елде темір металына сұраныс өсіп келеді. Осы орайда өндіріс қуатын 40 пайызға арттыру көзделіп отыр. Яғни алдағы уақытта 52 млн тоннаға дейін темір кенін өндіру жоспары жасалды. Қазір елде он ғасырға жететін темір қоры бары анықталды.
Елде 30 жылға жететін алтын бар. Ал мыстың қоры 40 жылға жуықтайды. Сондай-ақ жер қойнауындағы қорғасын қоры бір жарым ғасырға, ал көмір үш жарым ғасырға жеткілікті. Ең көп қор темірге тиесілі. Қазіргі қарқынмен әлі де 957 жыл темір өндіруге болады
Бұл байлықты қалай кәдеге жаратамыз? Тақырыпты әріптесіміз Нұрқанат Қанапия тарқатады.