Мемлекеттік білім беру гранттарының иегерлері анықталды

Осы оқу жылындағы 60% білім гранты инженерлік және техникалық бағытқа бөлінді, деп хабарлайды 24kz.

Себебі, ел экономикасының еңсесін тіктеуге әлі де білікті кадрлар керек. Бүгін тегін оқып, шәкіртақы  алатын озаттар тізімі анықталды. Айтпақшы, «Серпін» бағдарламасы бойынша да серпіліс бар. 2 мыңнан аса грант иегері солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде білім алады. Ал, «Amanat» партиясы сайлауалды уәдесіне сәйкес сұранысқа ие мамандықтар бойынша жоғары білім алуға арналған гранттар санының артуына ықпал етті. Сондай-ақ шетелдік жетекші университеттермен серіктес 20-ға жуық жоғары оқу орны студенттерді қабылдайды. Бұны сарапшылар Қазақстанды өңірлік білім хабы ретінде қалыптастыру қадамы деп отыр. Жалпы биыл конкурсқа 113 мыңдай өтініш түскен. Былтырмен салыстырғанда 9 мыңға көп.