«Ынтымақ Ордо» резиденциясында Қ. Тоқаевты салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

«Ынтымақ Ордо» резиденциясында Қырғыз Республикасына ресми сапармен келген Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты қарсы алу рәсімі өтті.

Президенттер бір бірімен амандасқаннан кейін екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды. Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров сап түзеген сарбаздардың алдынан жүріп өтті. Бұдан кейін мемлекеттер басшылары ресми делегация мүшелерін таныстырып, келіссөз залына барды.