Қазақстанға Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейн ресми сапармен келеді

26-27 тамыз күндері Қазақстанға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Иордания Королі Екінші Абдалла бен әл-Хусейн ресми сапармен келеді. 

Сапар аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер өтеді деп жоспарланып отыр. Тараптар сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы Қазақстан-Иордания ынтымақтастығын одан әрі нығайту мәселелерін талқылайды.