Мемлекет басшысы Молдова президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Майя Санду мен Молдова халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
Президент жеделхатында екі ел арасындағы сан қырлы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін жеткізді.