Елде жол-көлік оқиғалары көбейді
Самокат жүргізушілері ғана емес, ұзын жолда жылдамдықты шамадан асырып, өзінің де, өзгенің де өміріне қауіп төндіретіндер азаймай тұр. Жыл басынан бергі жол-көлік оқиғалары 50 пайызға өсіп, 19 мыңға жетті.
Жол апатынан 26 мың адам жапа шексе, 1200-і көз жұмды. Оның 170-тен астамы бала. Жол-көлік оқиғалары Абай облысында ғана азайған. Ал Ақтөбе, Атырау және Қызылорда өңірлерінде айтарлықтай өсті. Мегаполистердегі жағдай да жақсармады. Елдегі әр бесінші жол апаты Алматыда тіркелді. Жолдағы келеңсіздіктің дені жылдамдықты асырудан дейді мамандар. Ішкі істер министрлігі енгізген цифрлық жүйелердің арқасында 3,7 млн жүргізушіге дер кезінде айыппұл салынды. Бұл былтырғыдан 7,5 пайызға көп.