Елде жаңа ет өңдеу зауыты салынады

Біріккен Араб Әмірліктеріндегі ірі компания елде ет өңдеу зауытын салуға ниетті. Аграрлық өнімдерді сатып алып, үлестіру орталығын ашуды жоспарлап отыр. LuLu Group International басшысының бұл ұсыныстарына Премьер-министр қолдау білдірді.

Юсуф Али Мусалям Виттиль Абдул Кадермен агроөнеркәсіп кешені және инвестициялық жобаларды талқылады. Олжас Бектенов қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдері 70-тен аса елге тарайтынын айтты. Сондай-ақ бірлескен агротехнопарктер мен экспортқа бағытталған логистикалық хабтар құруға мүдделі екенін жеткізді. Электронды коммерцияны дамыту үшін ынтымақ орнатуға дайын екенін де атап өтті.