Мьянма президентінің міндетін атқарушы Мин Аун Хлайн Астанаға келді
Мьянма Президентінің міндетін атқарушы, Мемлекеттік әкімшілік кеңес төрағасы Мин Аун Хлайн жұмыс сапарымен Астанаға келді.
Мәртебелі мейманды әуежайдан премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр қарсы алды. Бүгін екі ел арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланатын жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізу жоспарланып отыр.