Еліміздің бірқатар өңірінде күн райы бұзылады

Елдің бірқатар аймағында күн суыта түседі, деп хабарлайды 24kz.

Тұман торлап, жел қатаяды. «Қазгидрометтің» хабарлауынша, Қызылорда, Түркістан облыстарында күндіз желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Бұдан бөлек, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Ақтөбе, Атырау өңірлері мен Батыс Қазақстанда төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Жамбыл, Алматы және Жетісу облыстарында түнде 6 градусқа дейін суық болады. Ал, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында тұман түседі.