Қ. Тоқаев Душанбе қаласына сапармен барды

Президентті халықаралық әуежайда Тәжікстан Премьер-министрі Кохир Расулзода қарсы алды. 

Бүгін Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесу өткізеді және «Орталық Азия – Ресей» саммитіне қатысады. 
Ертең Қазақстан Президентінің ТМД мемлекеттер басшыларының кеңесі отырысына қатысуы жоспарланған.