Президент Бішкектегі ҰҚШҰ кеңесінің отырысына қатысады

Мемлекет басшысы Бішкек қаласына барды. Президент Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысады. 

Қасым-Жомарт Тоқаевты Манас әуежайынан Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы – Қырғызстан президенті әкімшілігінің басшысы Адылбек Қасымалиев қарсы алды.