Мемлекет басшысы Швейцария вице-президентімен келіссөз жүргізді

Мемлекет басшысы Швейцария вице-президенті Ги Пармеланмен келіссөз жүргізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ги Пармеланның Астанаға сапары екіжақты күн тәртібіне тың серпін беріп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынын жеткізді. Швейцария - Еуропадағы маңызды саяси және экономикалық серіктес. 2005 жылдан бері елге 35,8 миллиард доллар құйған ірі инвесторлардың бірі.

Президент елімізде шамамен 400 швейцариялық компания мен бірлескен кәсіпорын жұмыс істейтініне тоқталды. Мәртебелі мейман Қасым-Жомарт Тоқаевқа қонақжайлық танытқаны үшін ризашылығын білдіріп, өзара байланыстың қарқынын жоғары бағалады.