Қ. Тоқаев Индонезия президенті мен Таиландтың премьер-министріне көңіл айтты
Мемлекет басшысы Индонезия президенті мен Таиландтың премьер-министріне көңіл айту жеделхаттарын жолдады.
Жоғарыда аталған елдердің аумағында болған су тасқыны салдарынан көптеген адам қайтыс болды. Осыған байланысты Қасым-Жомарт Тоқаев Индонезия президенті Прабово Субиантоға және Таиланд премьер-министрі Анутин Чарнвиракулға көңіл айтты.